ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

167

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Н.Бексейтов ауданымызда шалғай орналасқан ауылдық округтеріндегі өрт сөндіру бекеттерінің дайындық жұмыстарын бақылап қайтты.

Шалғайдағы дала өрттерінің алдын алу мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қолдауымен «өрт сөндіру бекеттері» ашылған болатын. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауылдық округтер негізінен егістік пен жайылым алқабынан тұрады.

Аптап ыстықта ауылда төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау — маңызды мәселе болып табылады.

Бұдан былай, әлдебір оқыс оқиға бола қалған жағдайда ауыл тұрғындары орталыққа алаңдамай, өз ауылдарының құтқару бригадасына жүгінбекші. Жыл бойы қызмет көрсететін мекемеге елдің сенімі мығым.