ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

188

Бекітілген кестеге сәйкес Жетісай қаласында терроризмге қарсы әрекет ету үшін аудандық жедел штаб мүшелерінің практикалық дағдылары мен тәжірибелерін жақсарту және күрделі лаңкестік әрекеттерді еңсеру барысында олардың топтасып жедел іс-қимыл жасауларын жетілдіру мақсатында операциялық-тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасы болып өтті.

Сырт көзге көріне бермейтін террорлық әрекеттер кезінде адам шығынын болдырмау, алдын алу шараларын мекемелерде тиісті деңгейде ұйымдастыру шаралары басты назарға алынып, дабыл қағылған сәттен бастап шұғыл әрекет етуші күштік құрылым өкілдерінің, террорлық акт болған жағдайда мекеме қызметкерлерінің әрекет ету жолдары, өзін-өзі ұстау талаптары, тиісті орындарға хабар беру, қауіпсіздікті сақтау, эвакуациялауды ұйымдастыру талаптары мен дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар секілді техникалық құралдардың жұмыс істеуі, пайдалану жолдары туралы нұсқаулықтар берілді.