АЛТЫНТӨБЕ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАБАДЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

181

Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабының даму жоспарына сәйкес Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде оршата жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімі М.Әйтенов нысандарда болып, құрылыс қарқынын тексерді.

Жобаға сәйкес асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. М. Дүйсенбекұлы жұмыстарды сапалы жүргізіп, өндірістік кестеге сай шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып жақсы және қанағаттанарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жұмыстар аталған жоспар аясында іске асырылуда.

Аталған аумақтағы 11 көшенің 6-ы асфальттелген болса, 5-не шағал тас төселген. Келесі жылы елдімекендегі Жастар, Бердібай, Өтебаев көшелерін асфальттеу жоспарлануда. Осылайша 2024 жылы тұрғын алаптың жол мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.

Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдық берілген.

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабындағы Алдоңғаров шаруашылығында 200 бас ірі қара мал мен  50 бас жылқы бордақылауға мүмкіндік бар. Шаруашылық құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі таңда    80%-ға жуығы аяқталған.

Осыған орай, қала әкімі М. Әйтенов бордақылау алаңында арнайы болып, шаруашылық басшысымен  кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта бордақылау алаңын бұдан әрі дамытуға бағытталған мүмкіндіктер туралы кеңестер айтылды.

Биыл күзге дейін толық пайдалануға берілетін  шаруашылықта  заманауи талапқа сай арнайы қора жайлар, мал азығын сақтайтын қоймалар, жаздық қоралар мен 5 га жуық жоңышқа егіс алқабы қарастырылған.

Бордақылау алаңының қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда маңызы зор.  Сауда нысандарына әр тоқсан сайын, ал өндірушілерге 1 жылға баға бекітіліп отырады.

Қала аумағында қазіргі таңда 100 бастан жоғары  ірі қара мал бордақылауға арналған  алаңдардың саны 30-дан  асады. М.Дүйсенбекұлы алдағы уақытта қала халқын сапалы ет өнімдерімен қамтуда инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, жүйелі жұмыс жүргізуді  тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі