10 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

231

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде 5 айда атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Басқарма басшысы жаңа медициналық ұйымдар, мамандардың біліктілігін арттыру, жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету және тағы басқа бағыттардағы жұмыс барысынан хабардар етті.
2023 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша Шымкент қаласында нәресте өлімі 20,6% — ға төмендесе, жыл басынан бері қалада ана өлімі тіркелмеген. Туберкулезден болатын өлім-жітім 66 % -ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 6,5% — ға төмендеген. 2023 жылы үздік практика орталығы жобасын шаһардағы №6, №7, №3, №1 қалалық емханаларда енгізу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, материалдық-техника базасын жақсарту мақсатында 3,5 млрд теңге сомасына 151 бірлік медициналық техника сатып алынбақ.
– Халыққа сапалы, уақтылы медициналық қызмет көрсету мақсатында 10 медициналық ұйым аккредиттеуден өтіп, 2023 жылы жалпы 17 медициналық ұйымды аккредиттеу жоспарлануда. 2023 жылдың 6 айында жоғары технологиялық 186 медициналық қызмет көрсетілді. Өткен жылы Қалалық №1 емхананың балалар бөлімшесі, №2 оңалту орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал 2023 жылы қалалық №5 емхана мен қалалық №1 клиникалық аурухана ғимараттарына 1, 193 млрд теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Балалар ауруханаларын көбейту басты назарда тұр, – деді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда Шымкенттегі емханаларға үздік тәжірибелер орталығының жобасы енгізілуде. 2023 жылы үздік практика орталығы жобасын шаһардағы №6, №7, №3, №1 қалалық емханаларда енгізу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, материалдық-техника базасын жақсарту мақсатында 3,5 млрд теңге сомасына 151 бірлік медициналық техника сатып алынбақ.