КОНКУРС

153

«Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласындағы коммуналдық көппәтерлі 125 тұрғын үйге басқарушы немесе басқарушы компанияны таңдау бойынша конкурс жариялайды

Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары:
1. Осы біліктілік талаптары көппәтерлі тұрғын үйді басқарушысына қойылады және мынадай талаптарды қамтиды:
1) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану,
халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар,тарих, мәдениеттану, филология) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша;
2) ұйымда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе кондоминиум объектілеріне қызмет көрсету саласында не тұрғын үй-коммуналдық салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;
3) басқару шешімдерін жедел қабылдау және іске асыру, жұмысты жоспарлау және бақылау, іскерлік келіссөздерін жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, қолданылатын басқару шешімдерінің салдарын талдау және болжау, мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді практикада қолдану, ұйымдастыру өкімдік құжаттар әзірлеу дағдыларын, қызметтік құжаттамалармен жұмыс істей білуі, компьютерді және басқа ұйымдастыру техникасын меңгеруі;
4) оқудан немесе өзіндік даярлықтан өткен және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттелген ұйым немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыратын орталықтарда берген кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру біліктілігін растайтын құжат.
5) оқудан, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттелген ұйым немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыратын орталықтарда берген қауіпсіздік инспекторы (орта техникалық білімнен төмен емес маман) біліктілігін растайтын құжат.
6) оқудан, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттелген ұйым немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыратын орталықтарда берген өрт қауіпсіздігі маманы (орта техникалық білімнен төмен емес маман) біліктілігін растайтын құжат.
7) Қосымша мемлекеттен немесе мемлекеттік мекемелерден берілген мақтау қағаздар, дипломдар және т.с.с. құжаттар.
Құжат қабылданатын уақыты және мекенжайы: 2023 жылдың 17-21 шілде аралығында Шымкент қаласы, Республика даңғылы №12А ғимараты, 3 қабат, 304 кабинет.