МӘЖІЛІСТЕ ІШКІ САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

197

Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен ішкі саясат мәселелері жөнінде жиналыс болып өтті. Жиынға ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, бөлім мамандары, ауылдық округ әкімі аппараттарының ішкі саясат мәселелерімен айналысатын мамандары қатысты.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бұл бойынша аудан көлеміндегі қоғамдық саяси және діни ахуал бойынша ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке баяндама жасады. Бұдан соң бөлімнің бас маманы М.Құлымбетов ақпараттық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары туралы хабарлап өтті.

Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.