КЕЛЕС АУДАНЫНДА 30-ДАН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМНІҢ АТА-АНАСЫНА ӘКІМШІЛІК ШАРА КӨРІЛДІ

207

 

Келес ауданының полицейлері жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Яғни Келес аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторлары аудан көлеміндегі дүкендер мен кафелерде, компьютерлік ойын клубтары және жасөспірімдер көп шоғырланатын орындарға рейд жүргізді.

Нәтижесінде полицейлермен Келес ауданы бойынша 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» әкімшілік шара көрілді.