ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ РЕЦЕПТІСІЗ САТҚАН ДӘРІХАНАНЫ АНЫҚТАДЫ

221

Полиция департаменті бастығының тапсырмасымен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуде.

Іс-шара барысында сақшылар рецептісіз дәрі-дәрмек сатқан дәріхананы анықтады. Яғни дәріханадан шыққан ер адамнан рецепт бойынша берілетін «Медакс» препаратының 4-данасы табылды. Ол дәріні рецептсіз сатып алғанын түсіндірді.

Бұл факт Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Ал дәріхана провайдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлігі «фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласын бұзу» бойынша материалдар жинақталып, шешім қабылдау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды.

Сақшылар заңсыздықтардың жолын кесу мақсатындағы іс-шаралар кешенін жалғастыруда.