ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

92

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында, 2023 жылғы 17-19 шілде аралығында республика көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Яғни облыс жастары мен жасөспірімдерінің беймезгіл уақытта жүрмеуін, ойын-сауық орындарында болмауын қадағалау үшін полицейлер мен әкімдіктің тиісті сала мамандары бірлесіп, түнгі рейдтік жұмыстарын жүргізуде.

Аталған шараның алғашқы тәулігінде Түркістан облысының полицейлері 191 кәмелетке толмаған жасөспірімді бөлімдерге жеткізді. Оның ішінде жасөспрімдерге қатысты 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мәселен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-ана) бойынша 8 дерек, ӘҚБтК-нің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) 3 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 5 жайт тіркелді.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген) 155 дерек анықталып, әкімшілік шара көрілді. 16 құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмаған және 9 қолайсыз отбасы ІІО-ның профилактикалық есебіне алынды. Түркістан облысының полицейлері бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін атап өтті.