ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

99

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында “Түркі бағы” саябағында “Таза өлке” атты сенбілік өтті. Игі бастамаға облысымыздың жастары белсенді қатысуда.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудару көзделген.

Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға бағытталған акцияға 100-ге жуық белсенді жастар және ЖОО мен ОАОО студенттері қатысты. Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақ аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, талдардың түптерін әктеу шаралары да қоса қамтылды. Сонымен қатар апталық аясында аудан, қалаларда жастардың қатысуымен жоспарға сәйкес сенбілік жұмыстары жалғасуда.

Бүгінде қоғамда экологиялық мәдениеттің қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр жастардың қатары аз емес. Олар айтулы акция аясында түрлі бастамаларды жүзеге асырады деп күтіліп отыр.