ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУС МАРШРУТТАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Ертеңнен бастап №143, 144 маршруттарға қосымша кестелер енгізілді. Ал №142 және №143 маршруттары 15 жаңа шағын автобуспен толықтырылып отыр. Барлық жаңа шағын автобустар жайлы орындықтармен және салқындатқыш жүйесімен жабдықталған.
1 сәуірден бастап жолаушыларға қызмет көрсетеді!
Маршруттар бойынша жұмыс кестесі:
№142 – 5 автобус, 12 минут интервал
№143 – 7 автобус, 12 минут интервал
№144 (Айнатас – ТЖВ – Орталық базар) – 6 автобус, 12 минут интервал
№144А (Жыланбұзған – ТЖВ – Орталық базар) – 10 автобус, 12 минут интервал
№144Б (Елтай – ТЖВ – Орталық базар) – 4 автобус, 24 минут интервал