ЖАРНАМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру мақсатында ай сайынғы түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Топтың негізгі мақсаты – Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен сауда үйлеріндегі жарнамалардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру.
Арнайы топ бұл жолы «Қуаныш» сауда орталығы аумағында орналасқан жарнама агенттіктері мен сауда нысандарында мемлекеттік тілде қызмет көрсету, қабырға маңдайшалары, ас мәзірлері, баға көрсеткіштері және басқа да ақпараттардың дұрыс ұсынылуын тексерді.
Қадағалау жұмыстары нәтижесінде 12 нысан қаралып, 5 кәсіпкерге ескерту жасалды. Қаланың әртүрлі аймақтарында бақылау шараларымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында түрлі жұмыстар жалғасатын болады.