ПОЛИЦЕЙЛЕР АУЫЛДАСЫНЫҢ АВТОКӨЛІК БӨЛШЕКТЕРІН ҰРЛАҒАН ЕР АДАМДЫ АНЫҚТАДЫ

158

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі аккумулятор ұрлығы бойынша арызданды. Оның айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу оның «ВАЗ-2106» маркалы көлігінен аккумуляторы мен доңғалағын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 140.000 теңге. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Оқиға орнына шыққан тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде полицейлер бір тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің ауылдасы, жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықтау барысында, күдікті бөтеннің мүлкін сатып жіберіп, ақшасын бас пайдасына жаратып жібергені белгілі болды. Сақшылар қолды болған аккумуляторды тәркілеп, өз иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктінің қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.