«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСЫН ТАППАҚ

99

Халықпен кері байланыс орнатып, ашықтықты қамтамасыз ету, полицияның имиджін арттыру үшін азаматтар тарапынан Ішкі істер органдарына қатысты сұрақтары мен арыз-шағымдарын және өздерін қызықтыратын басқа да сұрақтарға жауап беруге немесе ішкі істер органдарына қатысты мәліметтерді алуға құзырлы органдарға барып, әуре-сарсаңға түспеу мақсатындағы арнайы іс-шара «Жолда қабылдау» акциясы өз жалғасын таппақ.

2020 жылдың 17-шілде күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейінгі аралықта Түркістан облысы Полиция департаментінің және барлық қалалық, аудандық полиция құрылымдарының «Азаматтарды қабылдау бөлмелерінде» Республика көлемінде аталған акция өткізіледі. Ал, акцияның екінші күні онлайн-форматта сағат 10:00, 12:00, 15:00 өткізіледі. Республика көлемінде өткізілетін «Жолда қабылдау» акциясы бойынша Түркістан облысының полиция құрылымдарының жанындағы «Азаматтарды қабылдау бөлмелерінің» тізімін жолдаймыз.

1) Түркістан қаласы, айналма жолының бойында орналасқан «Мега Сити» сауда орталығы жанындағы және Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі №197 В мекен-жайында орналасқан Түркістан облысы Полиция департаментінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

2) Жетісай ауданы Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі нөмірсіз үйде орналасқан Жетісай аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

3) Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы, Тасболатов көшесі №39 үйде орналасқан Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

4) Мақтарал ауданы Мырзакент кенті, Мадихожаев көшесі №8 мекен-жайында орналасқан Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

5) Кентау қаласы, А.Ясауи даңғылы №83 мекен-жайда орналасқан Кентау қалалық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

6) Бәйдібек ауданы Шаян ауылы, С.Сейфуллин көшесі №1 үй орналасқан Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде» ;

7) Сайрам ауданы Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі №46 а үйде орналасқан Сайрам аудандық полиция басқармасының «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

Шардара ауданы Шардара қаласы, Төлеби көшесі №42 мекен-жайында орналасқан Шардара аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

9) Арыс ауданы Арыс қаласы, Аймауытов көшесі №35 мекен-жайында орналасқан Арыс аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

10) Отырар ауданы Шәуілдір ауылы, Сәрсенбаев көшесі №7 мекен-жайында орналасқан Отырар аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

11) Төлеби ауданы Ленгер қаласы, Жамбыл көшесі №73 мекен-жайында орналасқан Төлеби аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

12) Келес ауданы Абай ауылы, Д.Қонаев көшесі №60 мекен-жайында орналасқан Келес аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

13) Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №189 мекен-жайында орналасқан Түлкібас аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

14) Ордабасы ауданы Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №3 мекен-жайында орналасқан Ордабасы аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

15) Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекені Д.Қонаев көшесі №118 мекен-жайында орналасқан Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде»;

16) Созақ ауданы Шолаққорған ауылы, Жібек жол көшесі №77 мекен-жайында орналасқан Созақ аудандық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде» .

Сондықтан, облыс тұрғындары сіздердің полицейлер тарапына қойылатын қандай да бір сауалдарыңыз, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, «Жолда қабылдау» акциясына белсенділікпен қатысыңыздар. Егер, келуге мүмкіндігіңіз болмаса, Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшаларында өткізілетін «тікелей эфирлер» арқылы да байланыс орнатуға мүмкіндігіңіз барын ұмытпаңыз. Тәртіп сақшылары сіздер үшін қызметке дайын.