Назарбаев Абу-Даби ханзадасымен Түркістанның қазіргі қайта жаңғыруы туралы әңгімелесті

632

Нұрсұлтан Назарбаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды АА NewTimes.kz».

 

Әңгімелесу барысында Елбасы мен Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың серпінді дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің жақында Абу-Даби қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындыларына назар аударды, оның аясында елімізде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай-химия және фармацевтика сияқты салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру туралы үкіметаралық құжат жасалды. Сондай-ақ, сұхбаттасушылар қазіргі уақытта қалалық және туристік инфрақұрылымның ауқымды құрылысы жүзеге асырылып жатқан Түркістанның қазіргі заманғы жаңғыру тақырыбын да қозғады.