Қаратау ауданындағы 20 көше күрделі жөндеуден өтеді

684

Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде 15,4 шақырымдық жол, яғни 20 көше Қаратау ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда, Қосай баба, Айдапкелов, Ақшағала, Өмірзақ, Шүлменов, Қарабура, Арипов, Қозыбай, Ақжүніс, Балқарағай, Байыспай, Шойман қажы, Мыңбаев, Естай ақын, а/ж №5, а/ж №9, Ардагерлер, а/ж №6, а/ж №7, Меңдешов, Молшылық, Байқара, Ізен, Ырыс, а/ж №6, а/ж №2 Құлагер, Ақсұнқар, Ақсауыт, Саяхат, а/ж №10, Мұңайтпасов №1, Мұңайтпасов №2, Аққанат көшелері кіреді.

Аталған жұмыстардың мердігері – «Отау Строй» және «Алем Транс Жол» мекемелері, ал техникалық жобалаушы болып «Pride group» және «Банур-1» ЖШС бекітілген.

Қазіргі уақытта 75%-ға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.