САЙРАМДЫҚ САҚШЫЛАР «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ» ОРАЙ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МУЗЕЙГЕ АПАРДЫ

114

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шығармашылық дамуына қолдау көрсету мақсатында, «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Сайрам ауданының ювеналды полиция тобының қызметкерлері №7 М.Бабыр мектебінің 10-сынып оқушыларын ауданымыздағы «Ардақты ана» музейіне апарып, арнайы іс-шара ұйымдастырды.

Ақсукентте орналасқан бұл тарихи-өлкетану музейі тұрғындар жиі баратын мәдени нысанға айналған. Музейді аралаған оқушылар құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар Отанға деген патриоттық сезімдерін әнмен жеткізді.

Тәртіп сақшылары оқушыларға естелік сыйлықтар табыстап, өнерлі балаларға арнайы сый-сияпаттарын жасады.