ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 91 ФАКТІСІ АНЫҚТАЛЫП, 4 ДЕРЕК БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛҒАН

159

Жер қойнауын заңсыз пайдалану жайттарын анықтап, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында, Түркістан облысы полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен облысқа қарасты 17 аудан аумағында жер қойнауларын заңсыз пайдалану фактілерінің жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Оған ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен табиғатты қорғау тобының инспекторлары жұмылдырылды. Ал бүгіннен бастап департамент бастығының нұсқауымен тағы да қосымша күш ретінде полиция қызметкерлерінен топ құрылып, аудандарға жолданды.

Мәселен Департамент бастығының қадағалауымен құрылған топпен атқарылған шара барысында 6 ай ішінде 91 дерек анықталса, соңғы 22 тәулікте 27 факт тіркелді. Аталған жайттар бойынша тиісті құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды.

Сонымен қатар жер қойнауларын заңсыз пайдалану бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген. Ал айыптұраққа 50-ден астам «HOWO», 8-Экскаватор, 5-Жүк тиегіш көлік, 9-«КАМАЗ» орналастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлердің күн тәртібінен түспей арнайы шаралар облыстың барлық аумағында жалғасады.