ПОЛИЦЕЙЛЕР РЕЙД БАРЫСЫНДА 70-ТЕН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

203

Түркістан облысы ПД-нің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасы бойынша тәртіп сақшылары құқық бұзушылық пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, Кентау қаласы аумағында жұмыс жүргізді.

Іс-шараға Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері, Кентау қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметі жұмылдырылды.

Рейд барысында полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, үнемі қауіпсіздік белдігін пайдалану, жолдарда жылдамдықты асырмау қажеттігін ескертіп, мас күйінде немесе шаршаған күйде рульге отырмау керектігін, сондай-ақ шетелдік көлік құралдарын заңдастыру ережелері туралы түсіндірді.

Сондай-ақ рейд кезінде патрульдік полицейлер 55 құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен (міндетті сақтандырудың болмауы) — 5 жайт, 597-баптың 1-бөлігімен (көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу) — 4 жайт, 601-баптың 1-бөлігімен (жол белгілерімен белгіленген талаптарды сақтамау) — 7 жайт, 612-баптың 1 — бөлігімен (құжатсыз көлік құралын басқару) – 5 жайт, 614-баптың 1-бөлігімен (көлік құралдарының қозғалысына кедергілер жасау) – 9, ҚР ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігімен (жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзу) — 25 жайт және 3 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары С.Қожанов саябағы аумағындағы заңсыз сауда нүктелерінің анықтап, иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады. Учаскелік полиция инспекторлары барлығы 20 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 10-ы «нөлдік төзімділік» қағидаты, ал 10-ы белгіленбеген жерлерде сауда жасағаны үшін тіркелді.

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бегім Ахметов атап өткендей, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша осындай алдын алу шаралары одан әрі жалғасады, сондай-ақ баршаңызды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.