ПОЛИЦЕЙЛЕР САУДА ҮЙІНЕН БІРНЕШЕ ҚҰЛАҚҚАПТАР МЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҚУАТТАҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ҰРЛАҒАН ЖАС ЖІГІТТІ АНЫҚТАДЫ

215

Түркістан қаласының полиция басқармасына қала тұрғынынан ұрлық қылмысының орын алғаны жөнінде арызы түскен. Арызданушының айтуынша, өзінің жұмыс орнындағы сауда үйінен белгісіз біреу 6 «Air Pods» маркалы құлақ қабы, 2 қуаттағыш құрылғысын және бірнеше ұялы телефонның қаптағыштарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 100.000 теңгеден астам құраған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Мән-жайды анықтау үшін тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, қажетті шараларды атқарды. Куәлардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы бейнебақылау камералары тексерілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынды анықтады. Анықталғандай, күдікті жас жігіт сауда үйінен ұялы телефондарға қажетті құрылғыларды біртіндеп жымқырған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.