“АБАЙ ӘЛЕМІ” БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

231

Біраз уақыт бұрын Шымкент қалалық Абай кітапханасы байқау жариялаған болатын. Мақсаты сол, Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қарасөздері мен шығармаларын әсерлі оқып, желіге жариялау қажет болатын.

Нәтиже жоғары, қатысушылардың саны 100-ден асты. Ең көп қаралым 20 мыңнан асты. Ең жас қатысушы — 5 жаста. Жеңімпаздар “10 тамыз — Абай күні” аясында өтетін іс-шарада марапатталатын болады. ІІ-кезеңнен тұратын байқау 30 шілдге дейін жалғасады.

І орынға – «Apple ІPhone 14» ұялы телефоны;
ІІ орынға – «Абай жолы» (4 томдық) романы;
ІІІ орынға – Абай суреті бейнеленген арнайы сыйлықтар (футболка, кепка, шопер) табысталатын болады.