Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

559

Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бұл жылы да қарқынды жүргізілді. Аталған жұмыстарды мердігер «Вuild stroi» ЖШС атқаруда.

Биыл ауданда 5 мыңнан аса шаршы метр аумаққа гүл отырғызылды. Атап айтқанда, Н.Назарбаев даңғылына – 1 250 м2, Арғынбеков көшесіне — 820 м2, С.Бәйтереков көшесіне — 225 м2, Асар шағынауданына – 450 м2, Нұрсәт гүлзарына – 65 м2, Бозарық шеңберіне — 2 450м2 аумаққа петунья, шафран, тагетис және өзге де жаздық гүл көшеттері отырғызылды. Оған 44 қызметкер жұмылдырылды.