ТҰРАНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР ЖӘНЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУДА ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ ДАЙЫН

225

Шымкент қаласында 950-ден астам білім ұясы бар. Онда білім алатын оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейді. Жуырда ғана ашылған жаңа Оқушылар сарайы шәкірттерді қабылдап, 6 бағыт бойынша үйірмелер жұмысын бастап кетті.

Шаһарда оқушылардың саламатты өмір салтын ұстанып, білімі мен шығармашылығын шыңдайтын тағы бір Оқушылар сарайының құрылысы сәуірді басталған болатын. Жалпы сыйымдылығы 500 орынды құрайтын  нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Ғимарат Тұран шағынауданында бой көтерді. Жаңа Оқушылар сарайы 3 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Мұнда 7-18 жас аралығындағы оқушылар өз қарым-қабілетіне қарай үйірмелерге жазыла алады.

Жаңа нысанның жобасында  35 орынға арналған асхана және 81 көлікке көлік тұрағы қарастырылған. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 10 пайызға жуықғы орындалды. Нысанның құрылысын 2024 жылы аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың 2022 жылы халықпен кездесуінде тұрғындар елді мекендерді газ, су, жарық және кәріз жүйесімен қамту бойынша өтініштерін жеткізген болатын. Қала әкімі өтініш-ұсыныстарды ескере келе, инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағынаудандардағы өзекті мәселелерді шешуде нақты тапсырма берді. Нәтижесінде жеке инвестиция есебінен 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Соның ішінде,  4 нысанның, атап айтқанда, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағынаудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста  жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған.

Құрылыс жұмыстары қолға  алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешіледі.