ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

146

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық Әдеп жөніндегі уәкілі Кадиев Жуманалы Ыбыжанович пен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Сыздық Зулфия Құлбабақызы аудандық “Жастар ресурстық орталығы” мамандарына “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының “Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру” 15-бабының 6 — тармағында “Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен “Б” корпусының басшылық емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қабылдана алатындығы туралы түсіндірме жүргізді.

Кездесуде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әріптік жуйе бойынша бағалар В+ және балдардың сандық эквиваленті ( “GPA”көрсеткіші) 3,33 тен кем емес көрсеткішпен аяқтаған болса, Заңның талаптарына сәйкес оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде төмендегі лауазымдарға конкурс өткізілместен орналасатыны тусіндірілді.

Осыған сәйкес ауданымызда 2023 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетін үздік дипломмен аяқтаған түлектер Омирзақ Мухамеджан Бахытжанұлын біліктілік талабы сай келетін Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маман және Сұлтанғали Айгерім Ермекқызын біліктілік талабы сай келетін Қараспан ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушы лауазымдарына тағайындалды.