ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК АЯҚТАҒАН ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

102

Мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.

Жалпы ауданымызда 2023 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетін үздік дипломмен аяқтаған түлектер Омирзак Мухамеджан Бақытжанұлы біліктілік талабына сай Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы қызметіне және Сұлтанғали Айгерім Ермекқызы біліктілік талабына сай Қараспан ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.

Осы орайда, жоғарғы оқу орнын GPA 3.33-тен жоғары баллмен үздік аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз!