ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ АТА АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТІЛДІ.

131

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, 2024 жылдың 13 мамыр күні «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мақсаты: Оқу жылының аяқталуы және Соңғы қоңырау іс шарасында кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жайлардың алдын алу, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтау.

Семинардың барысында: «2023-2024 оқу жылының аяқталуы мен мектеп бітіруші түлектерінің тапсыратын мемлекеттік емтихан талаптарындағы өзгерістер туралы» аудандық педагогикалық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бекпейіс Бақытжан Бектұрғанұлы, «Жазғы мектеп» жұмысы бойынша – әдіскер К.Искаков, «Соңғы қоңырау» іс-шарасының өтілу алгоритімі, оқушыларға арналған жазғы сауықтыру жұмыстары мен жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы» және Мемлекет басшысының әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі үшін жауапкершілікті күшейту туралы заң жобасы бойынша , әдіскер Н.Алимкулов баяндама жасап түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудандық әкелер мектебінің төрағасы Жүсіп Лесбек Мұңсызбайұлы бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру мақсатында, өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеуде ата-аналардың, рөлінің маңызды екендігін атап өтіп, ата аналарға мектеп пен ата-ананың, қоғамның арасындағы байланысты нығайту туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ата-аналар жиналысының соңында төмендегідей ұсыныстар айтылды

  1. «Жазғы демалыс мезгілінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру және жазғы сауықтыру лагерінде демалуын қамтамасыз етуде ата-ана жауапкершілігін арттыру;
  2. Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауы және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуда ата-аналар бақылауын күшейту
  3. Соңғы қоңырау іс-шарасы кезінде оқушылар мен ата-аналар арасында ақша жинау, қымбат көйлектер мен бұйымдарды жалға алу, көліктер шеруін ұйымдастыру, даңғазалыққа салынып қаражат шығындау әрекеттеріне қатаң тыйым салу.

Жиын барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп оладың ұсыныс пікірлері тыңдалды.