Аудандағы аулалар көркеюде

343

Шымкент қаласы әкімнің тапсырмасына сәйкес, қаладағы аулаларды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары Каратау ауданы аумағында қарқынды жүруде.

Тұрғындармен көп қабатты үйлер аулаларындағы тазалықты сақтау бойынша өткізілген түсіндірме жұмыстары нәтижесінде Нұрсәт тұрғын алабының тұрғындары өз аулаларына суару жүйесін орнатып, көп жылдық ағаш көшеттерін, гүлдер мен көгал алқап (газон) егіп абаттандырған.

Аудан әкімі аппараты барлық тұрғындарды ортақ аулалардың тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарын атқаруға шақырды.