ШЫМКЕНТТЕ 50-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЙТА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТІК ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ӘЛЕМДІК ЧЕМПИОНАТТА ҮЗДІК БЕСТІК ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

102

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін

ұн, макарон, ірімшік, сары май, айран, жұжық, консерв өнімдерін өндіретін кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасы аясында ағымдағы жылы 3 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын іске қосылды. Қазіргі таңда, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп, өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында сүтті қайта өңдеп қатты ірімшік пен сары май өндіруші 8 кәсіпорынға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл сайын қуаттылығы артып келеді.

Жергілікті өндіріс орындарының арасында экспорт бағытында ірі жобаларын ұсынып отырған Базарқақпа елді мекенінде орналасқан сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын «BIO Food kz» ЖШС.  2022 жылы негізі қаланып, бүгінде кеңейіп жатқан зауытта 20-дан астам адам тұрақты жұмысшы істейді. Мұнда күніне 25 тоннадан астам сүт қайта өңделіп, қатты ірімшік және сары май өнімі өндірілуде.  Өндірілген өнімдер бүгінде қала аумағында және еліміздің өзге де өңірлерінде сатылуда. Алдағы уақытта тауарларды Өзбекстан мен Араб Әмірліктеріне экспорттау жоспарлануда.

Жақында 2 тамыз бен 7 тамыз аралығында Ақтау қаласында мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтті.

Турнирге әлемнің 53 елінен барлығы 400-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан атынан 10 мектептің, атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Павлодар қалаларының жас шахматшылары үздік бәсекелестермен үзеңгі қағыстырған болатын,

Соның ішінде біздің Шымкент қаласынан №9 Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп лицейінің оқушылары әлем чемпионатында 5-орынға ие болды.

Шартараптың шахматшылары арасынан суырылып үздік бестік қатарынан көрінген ойы зерек, көңілі жүйрік балаларымызды шын жүректен алғыс білдіре құттықтаймыз!

ҚР Президент Қ.Тоқаетың тапсырмасвна сәйкес, еліміздегі білім ұйымдарында қазір шахматқа ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы Шымкент қаласы биыл төртінші жыл бастауыш сыныптарда 100 пайыз оқушыларға шахмат пәні үйірме ретінде енді.

Яғни, шахмат оқыту жаппай мектеп пәніне үйірме ретінде енгізілгеннің арқасында лицей командасы әлемдік чемпионатта өз білімдерін дәлелдеп шықты. Алдағы уақытта да біздің

Шымқаламыздан талай еліміздің намысын қорғайтын мықты да үздік шахматшылар шығады деген сенімдеміз!

Шахматты мектеп табалдырығынан игеру — болашақта баланың зиялы, білімді, талантты, шығармашыл, ақыл-ойы, өресі дамыған зерделі де зерек болып шығатынының кепілі.