ЫНТЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №54 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

96

Биылғы жоспарға сәйкес елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы  құрылыс жұмыстары қала аумағында 6 нысанда жалғасуда.  Олар -Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле ш.а, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағынауданында да  газдандыру құрылысы басталды. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов  аталған елдімекенде болып, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың  әзірге 10%-н атқарды.

Жоба бойынша газ құбырларының ұзындығы 76,42 шақырымды, газдың қуаттылығы  15 255,36 м3/сағ. Құрайды.

Нысан толық пайдалануға берілгенде 4534 тұрғын үй табиғи газға қосылады.

Өдірістік кестеге сай газдандыру құрылысы келесі жылы аяқталып, елдімекен халқы орталықтандырылған желіге қосылады.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға газ құбырларын жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтап, жергілікті халықтың қолайсыздығын назарға алуды ескертті. Сондай-ақ қала аумағындағы өзге де нысандардағы газдандыру жұмыстарының сапасын, өндірістік кестеге сай атқарылуын қадағалауды тапсырды.

ЫНТЫМАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №54 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Қалада жаңа оқу жылы қарсаңында білім ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге  Ынтымақ шағынауданындағы №54 жалпы білім беретін орта мектебінің жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Салынғанына 10 жыл болған ғимарат қолданысқа берілгелі енді күрделі жөндеуден өтуде. 900 орындық нысанның құрылысы маусым айында басталған. Осыған дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарының 80 пайызы орындалған.

Өндірістік кестеге сай мектептің күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен сапаға басымдық беріп, оқушылар қауіпсізідгін қатаң ескеруді тапсырды.

Биылғы жоспарға сәйкес жалпы, қалада 9 білім ғимараты  күрделі жөндеуден өтеді. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталады.