АЗАТ ОРАЛБАЕВ: БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАДАН НӘТИЖЕ ШЫҒАРУ КЕРЕК

19

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Апталық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.

Күн тәртібінде ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, аудан әкімінің ауыл округтерін аралау кезінде тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлердің жүзеге асырылуы, сондай-ақ аудан әкімінің жеке қабылдауында көтерілген мәселелердің шешілу жолдары талқыланды. Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясының аудан аумағындағы орындалу деңгейі туралы есеп берілді.

Сондай-ақ, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева жыл қортындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы мен рейтінгтік көрсеткіштері туралы баяндады.

Аудан әкімі мәжілісте көтерілген әрбір мәселелер бойынша тиянақты жұмыстар жүргізу керектігін тапсырды. Жиын қорытындысымен аудан басшысы орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, аталған жұмыстардың орындалу барысын өз бақылауына алатындығын жеткізді.