“ӘЙТЕНОВ АЙТТЫ, БІТТІ..”

761

Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен кездескенде “Қазақ радиосы қоғамдық көпшілік орындарда сөйлеп тұрса” деген бір ауыз өтініш айтым едім. “Болды, жүзеге асырамыз”-деген әкім уәдесінде тұрды. Айтты, бітті.. Бүгін Шымкентте сүйінші жаңалық! Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта Қазақ радиосы қосылып сөйлеп тұр. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен Рухани жаңғыру жобасын жүзеге асырдық-дейді Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябақтың директоры Бейбит Мырзабайұлы Мошкалов.