«ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА ТҮСТІ…»

270

Әл-Фараби ауданы үшінші мегаполистің жүрегі іспетті. Қаланың қақ ортасындағы бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кескін келбеті күн сайын өсіп-өркендеп келеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықпен кездесуде Әл-Фараби ауданының тұрғындарының талап-тілегін тыңдап, әлеуметтік сауалдар мен инфрақұрылым мәселесіне байланысты елдің игілігіне жұмыс жасауды аудан әкімдігіне тиянақтап тапсырған болатын. Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857адам, ауданда 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, оның ішінде (қазақтар 175396(71,5%), орыстар 22 657 (10,8%), өзбектер 25 205 (12,2%), т.б. ұлт өкілдері 11599 (5,5%) құрайды.

Сонымен құқатар, аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй, көше саны 390, басты көше 109, ішкі көше 273,  623 аула және 16 633 жеке үй, 15 ұлттық-мәдени орталық, 15 діни бірлестіктер, 73 өндірістік мекемелермен кәсіпорындар, 151 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,9% құрап отыр.

Ауданды ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 100% құрайды.

2022 жылы «Сәуле» ш/а. «Жаңабазар» көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту жұмыстарын «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізіліп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Текесу» елді-мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жаңару» ЖШС тарапынан жұмыстар аяқталды.

2021-2022 жж. «Сәуле» ш/а. 276-орамда электр жарығын орнату жұмыстары «Ақсемсер стройсервис» ЖШС тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға беріліп, көрсеткіш деңгейі 100% құрайды.

Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 99% құрайды.

2022 жылы «Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп,абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілді.

195-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

276-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда-дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашида Мыңбаев. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасын орындауда Әл-Фараби ауданы әлеуметтік-экономикалық дамудың даңғыл жолына түсті. Даңғыл жол, дара жетістіктерге жарқын жол ашып, игілікке жетелей берсін.

 

«Ара-ақпарат»