“ЖАҢА ЖОЛДАУДАН—ЖАҚСЫЛЫҚ КҮТЕМІЗ…”

204

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жаңа Жолдау ел экономикасын еселейтін, халықтың әл-аухатын арттырудың нақты бағдарын Сізбен бізге айқындап берді-дейді өз ойымен бөліскен Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева.
-Билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосқан алқалы жиында Президент саяси тұрақтылық, экономикалық жедел өсу жайында үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ еліміздің болашағы тек бірлікте екенін тағы да есімізге салды.
Елімізде азаматтардың табысын арттыру үшін елімізде 2024 жылдан бастап ең төменгі еңбекақы көлемі ұлғаймақ. Президент атап өткендей, азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтерілмек. «Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында: «Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ», деді.
Жолдауда айтылған жоспарларды елдің барша азаматтары болып орындасақ, мемлекетіміздің өркендеуіне өз септігімізді тигізетініміз анық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жаңа Жолдаудан жақсылық күтеміз-дейді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева.
Қоғамның күші-бірлікте! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тегеурінді болса, Жолдауда айтылған жоспарлар жолда қалмайды деп сенеміз.

Ерсұлтан Әмірбек
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы