“ЖЕР ЕМГЕН ҚАЗАҚПЫЗ…”

189
“Көктемнің әр күні жылға азық”деген дана сөз бар. Жылдағы дәстүр. Үшінші мегаполисте тұрсақта, үй іргелік жерге жеміс-жидек, бау-бақша егуді дағдыға айналдырған жайым бар. Биыл да, ел қатарлы ерте көктемде үй іргелік жерге көшет егуді бастадым. Биылғы жаңалық-тамшылатып суғару әдісін қолдандық. Әкеміз марқұм дихан кісі еді. Еңбекке баулып өсірді. Иә, көктемгі егіс-ол да бір демалыс екен-ау. Шымкенттегі ауламыз Шәуілдірдің шарбағын елестетіп тұр. Базардан сатып алмай, үйіңнен үзіп жегенге не жетсін. Еңбекке бейім болсақ, әке тәрбиесінің арқасы. Еңбекпен жеген егіннің дәмі тәтті.
Ерсұлтан Әмірбек
журналист