“ЕҢБЕКТІҢ ДӘМІ ТӘТТІ…”

246
“Еңбектің дәмі тәтті” деген сөзді әкеміз Әмірбектің ауызынан жиі естіп, санамызға сіңіріп өстік. Әкеміз нағыз еңбек адамы еді. Түркістан облысының Отырар ауданында шопан болды. Қауын егіп, диханшылық жасады. Жұлқын анамыз екеуі он баланы еңбекпен өсірді. Балтакөл, Маяқұм, Ешкіқора, Көлқұдық топырағына тері тамған еңбек адамы болды. Кейініректе диханшылық етіп, қауын-қарбыз еккен Отырар мен Қарғалы ауылының ергесіндегі “Сулыгеск” маңайы да қандай ыстық. Әкемнің ”Әміркен” қауынын жеп, бала боп ойнақтап өсіп, марқұм Оқпан ағамның айқайын естіп, қой қайырған құтты жер. Шәуілдір, Көкмардан, Байылдыр ,Шөлтөбе маңы жаздық жайлауымыз еді. Әке-шешеге деген сағыныштан көлікті тоқтатып, жолай Мейіржан жиеніммен бір суретке түсіп алғым келді. Суретке түстім. Әкем жарықтық бар баласын еңбекке баулыған еңбекқор кісі еді-ау! Әкеміз Әмірбектің диханшылық кәсібін Мырзабек пен Оқпан ағаларым көбірек кәсіп етті. Ұрпақ сабақтастығы деген бар емес. Әкеміз еккен қауынның дәмі әліге дейін аузымыздан кетпейді. Шахмардан немересінен Көркем шөбересіне дейін дәмді қауынды жақсы көреді.
Ерсұлтан Әмірбек
Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы