Көпен Әмірбек: “ЕЛ БІЛЕТІН ЕКІ ҚАЗЫБЕК БАР..”
Ақын, журналист, қайраткер Қазыбек Иса інім алғашқы күні депутат мандатын алғанда қалпағымды аспанға лақтырып қатты қуандым.Ұлтының ұстыны, тілінің тірегі боп шыж-быжы шығып жүрген бұл бауырым Шерхан ағасындай шер тарқатуы өз алдына, діттеген нəрсесін жеріне жеткізіп бір-ақ тыныстайтын бір депутат келді-ау деп керемет күй кешкенім рас. Он футбол командасын жасақтауға болатын соншама депутаттардың ішіндегі ел мүддесі үшін ең көп «гол» салатын атақты сұрмерген шабуылшы болатынына жүдə сенімдімін. Депутат орындығына отырмай жатып ор қазғандар оны одан сайын əйгілей түсті. Жұрт не десе о десін, Қаз дауысты Қазыбек би қазақта біреу еді, енді екеу болатын болды.”Екіншісі кім?» дейсіз бе? Қазақтың ұлы Қазыбек Иса.