БҮГІН АУДАН ӘКІМІ АЗАТ ОРАЛБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАЗҒЫ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ.
Оған аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімдері, аудандық төтенше жағдайлар мен полиция бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Жиында тиісті сала мамандары қауіпсіздік шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және алдағы жоспарларды баяндады.
Аудан әкімі тұрғындарға ескерту сипатындағы жұмыстарды үздіксіз жүргізуді, шомылуға қауіпті аумақтарда рейдтік шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі