ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН “ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН” ГАЗЕТІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

203

Бүгін Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған турнир өтті. Дәстүрлі сайыс биыл 60-рет өткізіліп отыр.

Дүбірлі додаға Түркістан облысының аудан-қалалары мен Шымкент қаласынан 13 команда қатысып, 200-ге жуық балуан боз кілемде белдесті. Нәтижесінде «түйе балуанға» арналған бас бәйге — Төлеби ауданының балуаны Марат Байқамұров ие болды.

Айта кетсек, жарыс ұлттық спорт – қазақ күресін дамыту, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, балуандардың спорттық шеберліктерін шыңдап, алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу үшін өткізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі