ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

220

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспары бекітілді. Осыған орай Сауран ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы Ляззат Халмуратова Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара барысында Сауран ауданы әкімдігінің аппараты тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуі жөнінде тиісті нұсқамалар берді.

Қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, әкімдік ғимаратына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп- шығуына бейімдігі тексеріліп, бақыланды. Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі бойынша мекеме басшыларына ескертулер берілді.

Сауран ауданы әкәмдігінің баспасөз қызметі