ОТБАСЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ

34

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады.

Биылғы жылы мерекенің маңыздылығын арттыру және нәтижесін күшейту мақсатында әр күннің тақырыптық бағыттарын анықтай отырып, Отбасы күнін 2-8 қыркүйек аралығында атап өту жоспарланған.

Бүгін «Отбасы күнін» атап өту мерекелік іс-шара жоспарына сай Д.Құрманбеков атындағы №20–шы колледж студенттерімен кездесу болып өтті.

Кездесуге ауданның ардагер ұстазы М.Имансарықызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Бейсенбиев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Нұржанқызы, Психолог маман Л.Мұратқызы қатысты.

Шара барысында спикерлер тарапынан отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, студенттердің бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адам ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, отбасының адам өміріндегі маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу барысында жастар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді.

Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында жоспарланған шаралар мектебімізде өз жалғасын таба бермек!