АУДАННЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

163

Сауран ауданы құрылғалы бері әлеуметтік-экономикалық даму үстінде. Бірқатар маңызды шаралар қабылданды.

Бірақ, біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерде жоқ емес. Көнені қайта жаңғырту, тұрғындар талабын орындау, ауылдарды көркейту басты назарда. Осыған байланысты, «Сауран ауданының дамуы, проблемалық мәселелер, алға қойылған мақсаттарын талқылау мақсатында мәжіліс өтті. Мәжіліске облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов төрағалық етті. Сонымен қатар, бірқатар басқарма басшылары қатысты.

Мәжілісте алдымен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ауданның экономикалық дамуы мен өзекті мәселелері туралы баяндама жасады. Өзекті мәселелермен қоса шешілу жолдары да тізбеленді. Баяндамадан кейін басқарма басшылары тарапынан сұрақтар қойылды. Тиісінше жауаптар берілді. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Зұлфұхар Сансызбайұлы тарапынан қысқа мерзімде мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі