Мұхтархан Ділдабеков, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері: “МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕСІҢ БЕКЗАТ…”

1839

Бүгін қазақтың Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарxанов жерлесіміз 41 жасқа толар еді…
Шаршы алаңда шаршауды білмейтін ол — қысқа ғана ғұмырында 143 жекпе жек өткізіп, спорттағы ең биік шың — Олимпиада жеңімпазы атанды. Бекзаттың жұдырықтасу теxникасы мен көз ілеспес аяқ қимылына талай әлемнің боксшылары тәнті болып, талантына тамсанған болатын. Өкінішке орай, сұм ажал арамыздан ерте алып кетті, амал қанша?
Әрдайым менің жүрегімдесің, есімдесің, бауырым. Жатқан жерің жайлы болсын…