«ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ЕМХАНА ҚАЖЕТ»
Шорнақ ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының төрағасы Өтеген Әшенов:
«ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ЕМХАНА ҚАЖЕТ»
-Сөз ағаштың жапырағы іспетті. Жапырағы көп болған ағаштың жемісі аз болады деседі. Біз көп сөйлемей, жиналысымызды нәтижелі аяқтасақ дұрыс болар еді. Ауылдың, елдің өтініші мынадай. Алдымен «Бірінші байлық –денсаулық» дейді ғой. Бізге заманауи үлгідегі жаңа емхана қажет. Бізге аудан орталығына 38 елді мекеннен сырқаттар келеді. Біздің емханамыз бұрынғы жобамен салынған. Бір бөлмеде төрт-бес дәрігер отырады. Осыны қолға алып, халықтың игілігі үшін емхана, аурухананы 2024 жылға жақындатып, тезірек қолға алсақ деген өтініш болып тұр.