«КЕШЕГІ КЕҢЕС ОДАҒЫНАН ҚАЛҒАН МҮЛІКТЕРДІҢ ӘЛІ ДЕ ҚҰЖАТТАНДЫРЫЛМАЙ ЖАТҚАНДАРЫ БАР»

69

Фермер Жәңгір Исмайлов:

«КЕШЕГІ КЕҢЕС ОДАҒЫНАН ҚАЛҒАН МҮЛІКТЕРДІҢ ӘЛІ ДЕ ҚҰЖАТТАНДЫРЫЛМАЙ ЖАТҚАНДАРЫ БАР»

-Әсіресе, Майдантал елді мекені мен Жібек жолы ауылында. Қазір Майдантал елді мекенінде 9 млн текше метр су жиналатын су қоймасы бар. Сол су қоймасын үлкейтуге кезінде құжаттар дайындалған. Сол су ресурстарын молайтуға ықпал етсеңіз дейміз. Мен осы мәселе бойынша, аудан әкіміне кіріп шықтым. Майдантал ауылдық округінде соңғы ашылған 1975 жылғы совхоз. Су жүйесі жер астымен керемет салынған. Ешқандай қиналмай ішуге болады. Бірақ, реттегіш винтельдердің құжаты сол күйі қалған. Қазір мемлекеттік актісі де жоқ. Бұл халыққа өте қажетті ғимарат. Ауыл әкімі жасай алмай шапқылап жүр. Сол екі-үш мемлекеттік актіні айтқанымызға бір жылдан асып барады. Тасарықтардың лотогін ала алмаймыз. Кадастр қызметіндегі ағайындардың не істейтіндігінен хабарсызбыз. Кеше әкімге айттық. «Сіз бармасаңыз, біз барайық. Сізге тосқауыл жасайтын шығар» дедік. Осы мәселені өзіңіз қолға алсаңыз.

Сосын Жібек жолы ауылындағы 660 гектар жерге 2014 жылдары жоспар бекітіліп, біраз қаржы бөлініп, тасарықтар жасалған. Қазір енді жыңғыл басып кеткен, игерілмей жатыр. Ауыл әкімдігінде мемлекеттік актісі бар. Үстіндегі имараттары жоқ. «Тұран су» немесе «Қазсушар-ға» өткізе алмай, тоғыз жыл көлемінде пайдала-нылмай жатыр. Бұған үлкен қаражат керек.

Үшінші мәселе, шаруаларды қаржыландыру жайы. РИТЦ, Қазагро барынша қаржыландырып жатқан болуда. Бірақ, шаруаға өте тиімсіз. Өйткені, берілетін мерзімі сегіз ай. Жеті ай, он айлығы бар. Пайызына тоқталмай-ақ қояйын. Сегіз айда шаруа егінін егіп, орып сақтап енді бағасы көтеріледі-ау деген кезінде ақшаны кері құюына мәжбүр болады. Сөйтіп, жарты бағасына сатылады. Осы мәселені ретке келтіретін болсақ, дұрысталар еді. Кезінде субсидиямен аграрлық банкімен көгергенбіз. Аз мөлшерде болса да алып отырсақ, уақытында қайтаруға да мүмкіндік ашылады.