“ӘЙТЕНОВ ӘУЛИЕ ЕМЕС…”

798

Жыл сайын сәуірде Шымкентте күн жылынып, қызғалдақтар құлпырып тұратын еді. Биылғы көктем басқаша, көктем кештеу келді. Бүгін бір “пост” оқыдым. “Әй, Әйтенов мырза, Шымкентте неге күн жылынып, қызғалдақ әлі өспей жатыр?” деп сұрау сапты бір білгір. Ойпырмай-ай, суық күнді жылытатын әкімде де құдірет бар ма еді?.. Күн райын реттейтін Әйтенов әулие емес шығар… “Тауықсыз да таң атады” демекші Шымкентте әкімсіз де күн жылынып, қызғалдақ өсіп келеді.
“ARA-ақпарат”