КӨЗ МАЙЫН ТАУЫСҚАН КӨКЕМ-АЙ!

767

Қажымайтын, қайыспайтын қара нар, ертедегі Ертөстікке барабар Қабдеш ағамның қазасы барша қазақтың қабырғасын қайыстырды.Жиырма жылдай бұрын ағамен жүргізген сыр-сұхбатым «Қазақ əдебиеті» газетінің айқарма бетіне «Ақ қағаз-арым, қара сия-қаным» деген тақырыппен жарияланып еді.Ақ қағаздай арына қара сиядай қанын тамшылатып, халқының қамы үшін, көркем дүниенің нəрі үшін көз майын тауысқан көкем-ай! Өзіне ілестіріп тұтас бір дəуірді ала кеткендей.Ешкімнің қас-қабағына қарамай қара қылды қақ жарып сөйлейтін қайран ағаны қайдан табамыз? Бұл фəнидің тозағын да аз көрмеген арғымақ мінезді асыл ағам-ай!
Жатқан жеріңіз жəннатта болсын.
Көпен ƏМІРБЕК