АУДАНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ 94 ПАЙЫЗЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ СЫҒЫМДАУДАН ӨТКЕН

279

Бүгінде Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағында көп қабатты 283 тұрғын үй бар. Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оның ішінде 175 үй орталық жылу жүйесі арқылы жылу энергиясымен қамтылады. Ал, қалған 108 үйде автономды жылыту жүйесі орнатылған. Мамандар еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне техникалық қызмет көрсету мен күтіп ұстау меншік иелерінің, яғни, тұрғындардың міндетіне жатады.

Қаладағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тиянақты түрде жүргізу мақсатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бекіткен іс-шара жоспары қабылданған. Онда жылу маусымына дайындық бағытында Еңбекші аудан әкімі аппараты мен «Қуатжылу орталық-3» кәсіпорнының бірлесе отырып атқаратын жұмыстары белгіленген. Іс-шара жоспарына сәйкес аудандағы орталық жылу жүйесіне қосылған көп қабатты 175 тұрғын үйдің жылу жүйелерін сығымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандар еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне техникалық қызмет көрсету мен күтіп ұстау меншік иелерінің, яғни, тұрғындардың міндетіне жатады. Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, аталған 175 тұрғын үйдің 64-і қызмет көрсетуші компаниялармен келісім-шарт жасаған. Ал, 111 үй сығымдау жұмыстарын өз күштерімен жүргізеді.

Бүгінгі күнге дейін 165 үй (94%) сығымдау жұмыстары атқарылған. Қалған көп қабатты 10 тұрғын үйде жұмыс жүруде.

Сонымен қатар Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, қосымша 7 көп қабатты тұрғын үй сервистік мекемелермен келісім-шартқа тұрған.

Айта кетейік, аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп ұстау қызметімен айналысатын 7 сервистік мекеме бар.

«Шымкент келбеті»