Көше кептелістері азаймақ

570

Айта беретін ,,көше кептелістері,, бізде ғана емес әлемнің ең ірі қалаларының ,,бас ауруы,, десек болады.Басқа амал болмаған соң үш- төрт қабатты көшелер салумен де ешкімді таң қалдыра алмайсың.Сонымен
Халық саны миллионнан асатын, үшінші мегаполис атанатын Шымкентте де бұл проблеманың алдымызды көлегейлегеніне оншақты жылдың жүзі болып қалды.Аталмыш мәселені шешудің бір жолы ,,оң жақ өткелдер,, салу болып отыр.Негізі қалада 60 оң жақ өткел бар екен. Осы саланың мамандары, архитекторлар ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде тағыда 45 орынның қажеттілігін анықтады.Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қуаттап хабарлама жасап отыр.Мамандар биыл Т.Рысқұлов- Ж.Шаяхметов, Ж.Шаяхметов-Н.Назарбеков, Арғынбеков- Бәйтереков, Сыпырған ата- Темірлан тас жолы, Т.Рысқұлов- Адырбеков, Т.Рысқлов- Қ.Қазиев көшелерінің бойынан 11 оң жақ өткелдер салуды жоспарлапты.
Осыдан бірер жыл ғана бұрын ,,ТМД-ның мәдени астанасы,, атанған шырайлы Шымқаламыз осылайша жылдан- жылға көркейіп дами бермек.

Әбдімәлік Белгібай
,,Ара24.kz»