Айгүл Қалыбайқызы: “РАХМЕТ САҒАН, ДӘРІГЕР!”
Қайырлы күн✨ COVID-19 ға қарсы “Спутник-V” вакцинасының 1 компонентінен кейін көңіл күйім жақсы…. ең бастысы енді жақындарымның денсаулығы үшін көңілім алаңдамайды, өзімді қауіпсіз сезінемін!
Сенімді болуға, отбасымыздың және әрбір жақындарымыздың амандығын ескере келе сақтық шараларын жасап жүрейік.
Көптеген вакцинаға қарсы айтылып жатқан кері тартпа, негізсіз алып-қашпа сөздерді көңілге алмай, өз денсаулықтарыңыз үшін дұрыс шешім қабылдаңыздар!
Алғашында менің де көңілімде күдік ,бойымда үрей, қорқыныш сезімі болғаны жасырын емес. Бүгін күдігімнің негізсіз екеніне көзім жетті. Сол ойым үшін ұяламын да.
Менің жүрегі таза жақсыларым СІЗДЕРДІҢ бақуатты , саулықта жүргендеріңізді АЛЛА дан тілеймін??
“Сақтансаң сақтаймын” деген қорғасын ойды санамызға қорытып, амалымызға айналдырайық…✊
Бетперде тағып, сақтық шараларын сақтап жүрейік✋
Біз біргеміз, бәрінде жеңеміз!
#BizBirgemiz
#РахметСағанДәрігер!