МЕШІТТЕ АУЫЗАШАР ЕМЕС, АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕРІЛЕДІ..”

1027

 

Пайғамбарымыз: ,,Алла қайырымдыларды жақсы көреді. Жетім- жесірлерге, кембағалдарға жасаған әрбір жақсылығыңды 100 есе қып қайтарса, оразаның кезінде жасаған қайырымдылығыңды 700 есе қып қайтарады,, деген сауапты істің үлгісін бүгін, шымкенттіктер көрсетті.
Шымкент қалалық әкімдігінің бастамасымен қаладағы мешіттердің ұйымдастыруымен ,,Ақмешіт,, мешітінде “Ораза зекеті,, атты қайырымдылық акциясы өтті.
Адамның бәрін теңестіріп, жанашыр, мейірімділікке баулитын, Қасиетті- Құран түскен Рамазан айында, Оразаның кезінде тұрмысы төмен 1000 (мың) адамға қомақты азық- түлік таратылды.
Қала Имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың айтуынша: ,,мұндай сауапты іс Оразаның 30 күнінде де жалғаса бермек. Яғни 30 күнде 30000 (отыз мың) отбасына азық-түлік себеті таратылады. Және бір ерекшелігі тізімге енбей қалған тұрмысы төмен жандарда келіп алуына болады. Карантин жағдайында ауызашар
орнына азық-түлік себетін үлестірген сауапты іске қалай сүйсінбейсің!? Қасиетті Оразаларыңыз құтты және қабыл болсын ағайын! Сауапты ісіміз көбейсін!

Әблімәлік Белгібай,
“ARA24.kz” шеф-редакторы